Бүгін біз Халықаралық хирург күнін атап өтеміз!
Күн сайын біздің хирург мамандар адам денсаулығын қалпына келтіріп, жаңа өмір сыйлайды. Олардың шеберлігі, адалдығы және адамгершілігі бізді шабыттандырып, көптеген пациентке толыққанды өмірге оралуға көмектеседі.
Біз ауруханамызда істеп жатқан жоғары білікті мамандар командасын мақтан тұтамыз.
Олар өз саласының кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар кез келген сәтте көмектесуге дайын нағыз батырлар.
Барлық хирург маманды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, батылдығы, табандылығы және пациенттерге деген шексіз қамқорлығы үшін алғыс білдіреміз!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы