Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Медицина қауымына алғыс пен құрметті білдіретін бұл күні марапаттар табысталып, қызметкерлердің жетістігі атап өтілді.
Құттықтау сөзінде аурухана директоры Джувашев Алмаз Болатұлы әрбір қызметкердің адал еңбегінің маңыздылығына және адам өмірін сақтап қалудағы баға жетпес рөліне атап өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен “AQNIET” денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төсбелгілерін қоса алғанда, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.
Осылайша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен директордың орынбасары Әбдіқадіров Бақытжан Тәңірбергенұлы мен колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі Нуспекова Динара Тулендиевна, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен – жоғары санатты дәрігер физиотерапевт Абдуллаева Рима Әбенқызы, ал «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен директордың орынбасары – Утаганов Бақыт Кустаевич пен нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ли Константин Юрьевич марапатталды.
Ақылы бөлімше меңгерушісі Қасенов Бауыржан Кабдуловичке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаты табыс етілді.
Аурухананың басқа да қызметкерлері Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, «AMANAT» партиясының, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің, “AQNIET” денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының және аурухана директорының атынан алғыс хат пен құрмет грамоталарымен марапатталды.
Марапатыңыз құтты болсын, әріптестер!
Ресми бөлімнен кейін орын алған концерттік бағдарлама аясында өнер қайраткері Айжан Нұрмағанбетова, сонымен қатар Бақтияр Матназаров, Аянат Абзалқызы, «Асылым» шоу-балеті, Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінің камералық құрамы, медицина қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады.
Аталған шара халық денсаулығы мен әл-ауқаты үшін күнделікті күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне деген алғыс пен құрметтің айқын көрінісі.