2024 жылғы 30-31 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласында И.И. Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург Жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтында ми қан айналымының жіті бұзылысы бойынша “Жіті ишемиялық инсультпен ауыратын науқастарды емдеу: командалық әдіс” атты сараптамалық курс өтті.
Курска сәулелік диагностика дәрігерлері (КТ, МРТ), жүрек-қан тамырлары хирургтары, диагностикалық емдеудің рентгенэндоваскулярлық әдісі дәрігерлері, невропатологтар мен нейрохирургтер қатысты.
Курс тыңдаушылары медицинаның әр түрлі саласының көрнекті мамандары болды. Олар жіті ишемиялық инсультті емдеудің соңғы әдістерін талқылап, тәжірибе және білім алмасты, сондай-ақ неврология және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласында даму перспективаларын талқылады.
Курс тыңдаушыларының ішінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері – сәулелік диагностика дәрігері Примкулова Фарида Абайқызы және нейрохирург Жалтаев Данияр Айтметұлы болды.
Бұл курс қатысушылардың біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасу бойынша, жалпы медицина ғылымын дамыту саласында маңызды қадам болды.