Айлық біліктілікті арттыру және медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында 07.06.2017 жылы «Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының» кафедра қызметкерлері мен дәрігерлеріне Қазақ Медициналық Үздіксіз білім беру Университетінің анестезиология және реанимация кафедрасының меңгерушісі доцент Чурсин В.В. келесі тақырыптарда дәріс оқыды:
- Клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері.
- Өзекті антибиотикотерапияға қазіргі заманғы көзқарастар.
Доцент Чурсин В.В. дәріс барысында аурухана қызметкерлерін клиникалық трансфузиологияның қазіргі заманғы принциптерімен, қан компоненттері мен препараттарын құюға негізгі көрсеткіштерімен, трансфузиядан кейінгі болуы мүмкін асқынулырдың алдын алу жолдарымен таныстырды. Дәрістің екінші бөлімінде доцент антибактериальды препараттарды тағайындаудағы қазіргі заманғы көзқарастарға және комбинирленген антибиотикотерапия туралы тоқталып өтті.
Дәріс соңында доцент Чурсин В.В. аурухана дәрігерлері мен кафедра қызметкерлерінің көкейтесті сұрақтарына жауап берді.