3 метр биіктіктен құлаған 65 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) қабылдау бөліміне шұғыл түрде әкелді.
Тексеру нәтижесінде дәрігерлер науқасқа жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың орташа соғылуы, бастың жұмсақ тіндерінің көптеген соғылуы, омыртқаның жабық жарақаты, 1-бел омыртқа денесінің 3-дәрежелі асқынбаған компрессиялық сынуы диагнозын қойды.
Науқастың жағдайы бұдан бөлек екі жақты пневмония және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің болумен ауырлай түсті. Сондықтан оған әуелі оның жалпы жағдайын тұрақтандыруға бағытталған ем жасалды. ҚЖШККА көпсалалы мамандарының жақсы үйлестірілген жұмысының нәтижесінде екі жақты пневмонияның регрессиясына қол жеткізілді, жүрек жеткіліксіздігінің қаупін ескере отырып, барынша ота алдындағы дайындық шаралары қабылданды.
Осыдан кейін ғана науқастың омыртқасына артқы бүйірлік тәсілмен 1-бел омыртқа денесінің блоктық резекциясы, VLIFT дистракциялық торы мен транспедикулярлық құрылымды қолдану арқылы жұлын біріктіру отасы сәтті жасалды
Отаны ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі К.Ли, дәрігер-ординатор С.Кадыров, анестезиолог Р.Касенов жасады.
Ота 2 сағат 30 минутқа созылды.
Науқас қазір үйге шығуға дайындалып жатыр.