Екі айлық біліктілікті арттыру мақсатында 24.05.2017 жылы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ауған соғысы ардагерлеріне арналған есік ашу күні болды. Ардагерледі уролог, невропатолог, терапевт, нейрохирург, хирург және травматолог дәрігерлері жалпы қарап, лабораториялық және ультрадыбыстық зерттеулерден өткізді. Тексерулерден кейін ауған соғысы ардагерлері аурухана ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.