ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ АЯСЫНДА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ АЯСЫНДА
ауруханамыздың орта медициналық персоналымен таныстыруды жалғастырамыз.
Джунисбекова Гульзира Ергалиевна –
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің медбикесі.
Еңбек өтілі – 12 жыл.
Гульзира Джунисбекова өзінің жұмысы туралы:
– Мектепте оқып жүргенімде, әкешім қатты ауырып медбике тапшы болды. Сол кезде әкем “қызым дәрігер болады, мені емдейді” деуші еді. Медицина саласын таңдауымның бірден-бір себебі – әкем.
– Еңбек жолын 2011 жылы ОҚКА инсульт бөлімшесінде бастадым.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2016 жылдан бастап істеймін. Мұнда мен неврология бөлімшесінен бастағанмын, қазір де қабылау бөлімінің неврология-инсульт профелінің медбикесімін.
– Құдайға шүкір, өз жұмысымды жақсы көремін. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.
– Қабылдау бөлімінде неше түрлі жағдайлар болып тұрады. Бірақ қандай жағдай болмасын, медбике деген мамандыққа сай мейірімді, ақкөңіл, жанашыр болу керек.
Әр науқастың разылығын алу керемет қой!
– Қабылдау бөлімінің медбикесі ретінде мен пациенттерге сапалы көмек көрсететін біздің команданың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Ауруханамызға келген емделушілерге жылы және жайлы ортаны қамтамасыз етуге барынша тырысамын.
– Әрі үнемі жаңа дағды мен әдістерді үйрену үшін барымды саламын.