Ми қан тамырының аурулары медицинада ең қауіпті ауру тобына жатады. Әрбір адам инсульт және инфаркт сияқты ауыр ауруларды жақсы біледі.
Ми қан тамырлары жеткіліксіздігін емдеу әдістері әр түрлі, бастысы мұндай аурулардың алдын алу оңайырақ екенін есте ұстаған жөн. Жылына кем дегенде бір рет тексеруден өткен дұрыс (әсіресе тәуекел тобындағылар үшін). Бұл патологияны уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Мұндай аурулардың алдын алуға салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, дене салмағын сақтау, шылым шегуден, алкогольден бас тарту, жүрек және қан тамырлары ауруларын, қант диабетін және басқа да ауруларды дер кезінде емдеу жатады.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ҚЖШККА) инсульттің алдын алу және ми қан тамырлары ауруларын емдеудің барлық түрі көрсетіледі.
Суретте осындай емделген бірнеше жағдай. Барлық науқастар сауығып, амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Егер сіз ми қан тамырлары ауруларына күдіктенсеңіз, ҚЖШККА-ға консультацияға жазыла аласыз. Біз әрбір мәселеге мұқият қарап, тиімді емдеу стратегиясын таңдап, көрсеткіштерге сәйкес хирургиялық отаны тағайындаймыз.
Барлық сұрақтар бойынша нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ли Константин Юрьевичке хабарласа аласыз: + 7 707 459 40 18.