ШЖҚ дағы ҚКЕ “Қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының” екінші “Сапа айлығы”

Профиль: Урология

05.05.2017 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ “Урология” кафедрасының ассистенті Кутбергенов Б.О. мен бірге біз бұрын ҚШККА-да операция түрінде немесе консервативті түрде ем алған тыл еңбеккерлерін, зейнеткерлерді, мүгедектердің үйлерін араладық.

Мақсатымыз операциядан кейінгі жағдайларын анықтау болды.

Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша 70-тен асқан азаматтар саны-20840. Олардың ішінде

-ҰОС ардагерлері-74,

-тыл еңбеккерлері-340,

-зейнеткерлер-20413.

ҚШККА-да  өткен жылда 480-нен астам жасы 70-тен асқан азаматтар ем алды.

Барлығы тұрғылықты орны бойынша емханаларында Д есепте тұрады. Операциядан кейінгі консервативті ем қабылдайды.  Тұрақты түрде медициналық тексеруден өтеді, жағдайларының ауырлауы байқалмаған.  Егер ауруханаға жатқызу көрсеткіші анықталса, портал бойынша стационарлық ем қабылдауға жіберіледі.