Желтоқсанның 1-і – Халықаралық невролог күні.

Желтоқсанның 1-і – Халықаралық невролог күні.
Адамның жүйке жүйесі өмір бойында барлық процестерге қатысады.
Бүгінде жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизмін анықтау, емдеу және олардан сақтану әдісімен айналысатын неврологтардың орны бөлек.
Көптеген ауру неврологиялық себепке байланысты болуы мүмкін. Жүйке жүйесі ауруларының кең таралуы жайсыз экологиялық ахуалмен, соңғы кездегі қоғам дертіне айналған жиі күйзеліске ұшыраумен, эмоционалдық жүктеменің ауырлығымен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесінің аурулары адамның өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, себебі ауырсынулар жиі қайталанып, еске сақтау қабілеті нашарлап, қимыл-қозғалыс бәсеңдейді.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы неврология бөлімшесі аурухана құрылғаннан бастап істейді. 25 төсек-орынға арналған.
Неврология бөлімшесінде пациенттермен қарым-қатынас қашанда шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Неврологтар соның ішінде бөлімшенің орта және кіші қызметкерлері үшін бұл өте маңызды, өйткені жүйке жүйесінің аурулары адамның психикасын да, оның қарым-қатынас тәсілін де өзгертеді. Пациенттің әдеттен тыс немесе орынсыз мінез-құлқына дайын болу керек.
ҚЖШККА неврология бөлімшесінің меңгерушісі Маханбетжанова Райса Алмаханбетқызы
– жоғары санатты невролог; медицина ғылымдарының магистрі; «Neuroscience» Қазақстан ұлттық невропатологтар қауымдастығы, Қазақстан ұлттық инсульт қауымдастығы, World Stroke Organization мүшесі.
Райса Алмаханбетқызының басшылығында 2 дәрігер-невролог 17 орта және кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді.
Бөлімшенің аға медбикесі – жоғары санатты медбике Ыдырышова Айнагүл Нұрханқызы.
Әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз.
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы