Бүгін Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні. Бұл күн 2006 жылдан Дүниежүзілік инсульт ұйымы бастамасымен аталады. Дүниежүзілік инсульт күнінің мақсаты – халықтың назарын церебральды инсульт проблемасына аудару: алдын алу, дер кезінде диагностикалау және медициналық көмекке жүгіну, емдеудің жаңа әдістерін табу. 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультті «ғаламдық індет» деп жариялаған.
ҚЖШККА инсульт орталығы 2012 жылдың сәуір айында ұйымдастырылды. Орталықтың төсек-орын сыйымдылығы – 30 бірлік.
Тәулік бойы:
• КТ;
• МРТ;
• ангиография;
• мойын мен бас тамырлары УДДГ;
• барлық мүше УДЗ;
• рентгенография;
• электрокардиография;
• анализдің барлық түрі: тромбоцит саны, қандағы қант, гликемиялық профиль, креатинин, коагулограмма, қандағы холестерин, триглицеридтер, қан электролиттері, жұлын сұйықтығын зерттеу және т.т.
Орталық инсультпен түскен науқасты ерте оңалту (жаттығу терапиясы, массаж, т.т.), сондай-ақ дәрілік және дәрілік емес әдістермен емдейді:
• жеке және топтық физиотерапия жаттығулары;
• массаж;
• емдік жаттығулар;
• гипербарикалық оттегі терапиясы;
• психотерапевтің бақылауы;
• акупунктура.
Инсульт орталығында инсульт мектебі де бар. Сабақ айына 2 рет өткізіледі.
Орталықты жоғары санатты невропатолог-дәрігер Аяғанова Лаззат Базарбекқызы басқарады. Оның қарамағында 44 қызметкер жұмыс істейді.
Жедел цереброваскулярлық бұзылумен түскен науқасты қабылдау кезінде науқас КТ, МРТ кабинетіне тікелей жеткізіледі. Мұнда оларды невропатолог, рентгенолог және науқастың жағдайына қарай көп бригадалық жүйенің мамандары (кардиолог, реаниматолог, терапевт, нейрохирург, офтальмолог) тексереді.
Инсульт кез келген жаста кез келген адамда болуы мүмкін. Инсульт науқастың өмірінің барлық салаларына, оның отбасы мен достарына, оның жұмысы мен өмір сүру жағдайларына әсер етеді.
Көптеген жағдайда инсультті оның дамуын алдын алу шараларын сақтау, қоздырғыш факторлардан қорғану арқылы болдырмауға болады. Егер алдын алу мүмкін болмаса, есіңізде болсын: инсультті ол басталған кезден бастап 4,5-6 сағат аралығында емдеуге болады. Бұл дертті дер кезінде анықтау жауапкершілігі әрқайсымыздың мойнымызда.