Қазанның 16-сы – Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні
Науқасты отаға дайындау, анестезия әдісін таңдау, отаның күрделілігі мен ұзақтығына байланысты препараттың дозасын есептеу, ота кезінде ағзаның барлық маңызды функцияларын бақылау, науқастың оянуын бақылау, отадан кейінгі кезеңде науқасқа күтім жасау – мұның бәрі анестезиолог-реаниматологтың жұмысы.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жоғары санатты дәрігер анестезиолог, м.ғ.к., денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер», «Шапағат» медальдарының иегері Бердалина Гүлнар Садырбекқызының басшылығында 25 анестезиолог-реаниматолог дәрігер, 34 медбике және 12 кіші медбике жұмыс істейді.
Күн сайын бөлімше дәрігерлері хирургиялық араласу кезінде 50 не одан да көп жоспарлы және шұғыл анестезия жасайды.
Әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Сіздің мамандығыңыз – медицинадағы ең қиын, ең асыл мамандықтың бірі. Сіздер «көрінбейтін майдан жауынгерлерісіз», өлім алдында соңғы кедергі болып тұрып, науқасты аман алып қалатын, ауру мен қорқынышты жеңілдететін, отадан кейін оянған адам бірінші көріп, еститін адамсыз.
Сіздерге мінсіз бедел мен кез келген сырқатпен күресте жеңіске жетулеріңізді тілейміз!