Қазанның 2-сі – Дүниежүзілік уролог күні
Уролог дәрігерлердің құзыретіне бүйрек, қуық қабынуы, несеп тас ауруы, қуықасты безінің ісігі, бүйрек ісігі, бүйрек жылауығы, бүйрек-несеп жүйесінде кездесетін аурулар, бүйрек үсті бездерінің және де басқа патологияларды емдеу жатады. Урология осы топтағы аурулардың себептерін, оларды емдеу мен алдын алу әдістерін зерттейді және хирургия, гинекология, нефрология, венерологиямен тығыз байланысты.
Басқа маман дәрігерлер сияқты, урологтар да аурудың алдын алуға кеңес береді, әрі профилактикалық тексеруден уақтылы өтіп тұрудың маңызын сөз етеді. Уролог маманға жылына кемінде бір рет көрінген дұрыс. Тіпті ештеңе мазаламаған күнде де бұл өте маңызды, себебі созылмалы урологиялық аурулар жиі еш белгісіз өтетінін ескерген жөн.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 24 төсек-орны бар урология бөлімшесінде урологиялық және андрологиялық патологиялардың кең ауқымы бар науқастарды клиникалық тексереді және емдейді, ашық және эндоскопиялық оталардың барлық түрі, пластикалық және реконструктивтік оталар жасалады. Бөлімшеде жылына 500 отаға дейін жүзеге асырылады.
Бөлімше дәрігерлері бүйрек пен зәр шығару жолдарына урологиялық араласудың кең спектрін жақсы меңгерген.
Қазіргі таңда бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты уролог-хирург, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Алматы қаласының штаттан тыс бас урологы Әміров Ғани Қондыбайұлының жетекшілігімен 9 уролог жұмыс істейді.
Бөлімшенің аға медбикесі Ноғайбаева Ақбота Сабыржанқызы ҚЖШККА-да 2011 жылдан бері жұмыс істейді, оның қол астында 11 медбике және 7 кіші медбике еңбек етеді.
Құрметті әріптестер, кәсіби мерекеңіз құтты болсын! Жұмысыңызда сәттілік, табыс тілейміз. Пациенттерге қатысты шыдамдылық, ал олардың тарапынан ризашылық және сіздің барлық нұсқауларыңызды орындауын тілейміз.
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету