ҚЖШККА қызметкерлері тұмауға қарсы екпе алды

ҚЖШККА қызметкерлері тұмауға қарсы екпе алды
Дәстүрлі маусымдық тұмауға қарсы екпені қабылдау бөлімінің қызметкерлері бірініші болып алды.
– Жыл сайын жедел респираторлық-вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмау маусымы басталмай тұрып, қызметкерлерде иммунитет қалыптастыру үшін вакцинациялауды бастаймыз. Вакцинация тұмаудың алдын алудың ең тиімді құралы болып табылады.
Жыл сайын вакцина құрамына алдағы эпидемиологиялық маусымда таралатын штамдар кіреді. Биылғы жылы да «Гриппол плюс» препараты – үш валентті инактивтендірілген вакцинасын салдық, – дейді ҚЖШККА эпидемиологы Зульфия Еламанова.
Тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы тұмау мерзімі басталғанға дейін оған қарсы екпе салдыру. Ол тұмауды жұқтыруды төмендетіп, оның адамдар арасында таралмауына көмектеседі.
Жалпы тұмау – ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жұқпалы вирустық ауру. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, тіпті жай ғана сөйлескенде ауа тамшылары арқылы адамнан адамға оңай таралады. Адам тұмаудың жеңіл түрімен ауырғанның өзінде, симптомдар орын алған бүкіл кезеңде басқаларға қауіп төндіреді. Тұмауға байланысты ықтимал асқынулардың тізімі кең – пневмония, ринит, синусит, бронхит, отит, миокардит, перикардит, миозит, бүйрек, ми, жұлын мембраналарының, қан тамырларының зақымдануы. Тұмаумен ауырғанда ағзада бар созылмалы аурулар да асқына түседі.
Қыркүйек-қазан айлары вакцинация үшін оңтайлы уақыт болып табылады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Вакцинаны тұрғылықты жеріңіз бойынша емханада ала аласыз.