ҚЖШККА невропатологы 2022 жылғы сәуірдің 10-16 аралығында Австрияның Зальцбург қаласындағы Аренберг сарайында неврология және нейро-онкологиядағы паллиативтік көмек көрсету бойынша семинарға қатысты.
Семинарды Ашық Медицина Институты (OMI) Ашық Қоғаммен (OSF) бірлесіп ұйымдастырды.
Оған әлемнің 15 елінен 32 дәрігер қатысқан.
Семинарда Қазақстан өкілдерінің бірі болған Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейроинсульт бөлімшесінің невропатологы Абдуллаева Феруза Салайдинқызы.
– Маған семинардағы жылы демократиялық атмосфера, жоғары ұйымдастырушылық деңгей, лекторлардың кәсібилігі ұнады. Дәрістердің көп қыры ойға азық болды. Ұйымдастырушылармен танысу, олардың ұстанымдары мен шығармашылық және практикалық көзқарасы мені таң қалдырды. Курс лекторларының танымдық және мазмұнды дәрістерін шексіз тыңдауға дайын болдым. Күнделікті тәжірибемде мені мазалайтын көптеген сұрақтарға жауап алдым, – дейді Феруза Салайдинқызы.
Семинарға қатысушылар барлығы 25 заманауи дидактикалық дәріске қатысып, үш рөлдік ойында коммуникативтік дағдыларын жаттықтырды және өз баяндамаларын ортаға салды.
Біздің невропатолог «Геморрагиялық инсультпен ауыратын науқастардың клиникалық жағдайы» тақырыбындағы баяндамасы үшін “Семинардың үздік баяндамасы” деген сертификатпен марапатталды.
Феруза Абдуллаеваны шын жүректен құттықтап, кәсіби шыңдарға жете беруіне тілектестік білдіреміз!
Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз!