Қарашаның 8-і Халықаралық радиология және Рентгенолог күні.

Қарашаның 8-і Халықаралық радиология және Рентгенолог күні.

Бүгінгі күнге дейін рентгенография әлемдегі ең кең таралған, жылдам және қолжетімді диагностикалық құрал болып қала береді.

Дәрігердің диагнозын қоюға негіз болатын рентгендік зерттеу нәтижелері диагнозды мүмкіндігінше дәл қоюға және емдеудің оңтайлы әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Ал кейбір аурулар кезінде рентгенология қабыну немесе ауру ошақтарына әсер ету үшін терапия әдісі ретінде қолданылады.

Рентгенолог – маңызды медициналық мамандық, онда жоғары технологиялар мамандардың біліктілігі мен тәжірибесімен тығыз байланысты. Өйткені терапияның кез келген түрінің тиімділігі, демек, науқастың денсаулығы мен өмірі, сенімді диагнозға байланысты.
Рентгенологтар суретке түсіріп қана қоймай, оларды оқып, талдап, диагноз немесе патологиялық өзгерістер типі көрсетілген өз пікірін жазады.

Пандемияның қиын кезеңінде рентгенологтар COVID-19-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде болды.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы рентгенолог және сәулелі диагностика саласындағы мамандарды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс тілейді!