5 күннің ішінде 38 операция. Шұғыл жедел жәрдем ауруханасы қалыпты режимде жұмыс жасауда.
25 мамырдан бастап Алматы қаласындағы Шұғыл жедел жәрдем ауруханасы провизорлық орталықтан соң өзінің қалыпты мәртебесіне оралды. Дегенмен, шұғыл операциялар кигенде ыңғайсыз тудыратын обадан қорғаушы костюмде жүргізіледі. Алайда, медицина қызметкерлері еш жабырқамай кәсіби міндеттерін абыроймен орындап жатыр. 5 күннің ішінде ауруханада 38 операция, күніне 6-7 операция жүргізілді. Ондағы, 70% шұғыл түрде өткендері. Клиникаға тәулігіне 30 пациент ауруханаға жатқызылады, қабылдау бөлімшесіне 150 адамға дейін келіп жүгінеді, олардың арасында шет ел азаматтары да бар.
– Көбінесе асқынған түрдегі аппендицит, осы аптада көптеген пациенттер инсульт, аллергиямен келіп түсті- дейді Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің бастығы Сәуле Сауранбаева. -Жақында түрлі жарақаттармен келіп түсетіндер деңгейінің көтерілуін күтудеміз. Біздің медицина қызметкері науқастарды қабылдауға әзір.- 1 маусымнан бізге Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасынан әріптестеріміз қосылады, себебі, аталмыш стационар жұқпалы аурухана түріне бейімделген-деп қосылды дәрігер Сағи Бейсенбеков. -Осылайша, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының тапсырмасы бойынша біз әріптестерімізге пандемия кезінде жұмыс орнын ұсынудамыз. Алғы уақытта олар да өздерінің Орталығына қайтарылып, жұмыстарына кірісетін болады. Қазіргі кезде аурухана пациенттермен жартылай толған. ШЖЖА қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, таза және транзиттік аумақ қарастырылған, барлық келіп түскен адамдардан Covid-ке анализ алынады. Ол анализді жұмысқа кірісердің алдында аурухананың барлық қызметкерлері де тапсырды. Сәлем-сауқатты қабылдаудың жаңа ережесі қаралды- оны 2-қабатта қабылдайды, науқастарға келуге мүлдем тыйым салынған, біздің мамандарымызға кеңес алуға алматы тұрғындары бетперде киіп келеді, дәрігерлер болса қорғаушы костюмінде қарсы алады. Екі қабылдау бөлімшесі ашылған, аурухана дәрігерлерінің қауіпсіздігі үшін, келіп түскендердің температурасын жедел жәрдем бригадасы өлшеп тұрады. Сондай-ақ, аурухана енді тек бір ауданды ғана емес, Алматы қаласындағы Алмалы және Бостандық ауданына қызмет көрсетеді.