«Ашық есіктер күні» аясында 30 адам дәрігерлердің консультациясын алды.
25 қарашада Алматы қалалық жедел шұғыл жәрдем беру ауруханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ашық есіктер күні өтті. Бұл күні барлық адамдар жоғары білікті мамандардан тегін консультация және қажетті рекомендациялар алды.
«Бұл акцияның негізгі мақсаты – халықтың өзінің денсаулығына көбірек назар аударуын қамтамасыз ету. Біздің ауруханада мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, пациенттерге мұндай шаралар ұнайды. Бізге акция кезінде жүйелі түрде келетін адамдар да бар. Олар УЗИ, рентген, ЭКГ-ден тегін өтіп, лабораториялық анализдерді тегін тапсырып тұрады»,- деп атап өтті бас дәрігер Алмаз Джувашев.
«Ашық есіктер күні» барысында уролог, хирург, травматолог, гинеколог, кардиолог, нейрохирург және терапевт мамандар пациенттерді қабылдады.