17 мамыр 2017 ж. сағат 14.30да ЖШККА әкімшілігімен ҚРның анестезиолог – рениматологтардың Федерациясының белсенді қолдауымен ҚазҰМУ Анестезиология және реаниматология кафедрасы (кафедра меңгеруші, м.ғ.д., профессор В. К. Исраилова) ұйымдастырған «Қарқынды терапия бөлімшесіндегі науқастарды инвазивті емес желдендіру әдісі» шебер-класы өткізілді.
Шебер-класты Мәскеу қаласынан (Ресей) келген маман В. Ищенко «Respironics V60» ӨЖЖ аппаратын пайдаланудың жолдарын көрсетіп таныстырды. Шебер-класта Анестезиология, реаниматология және қарқынды емдеу, терапия бөлімшелерінің дәрігерлері белсенді қатысты. Қалалық анестезиолог- реаниматолог ұйымының отырысында ҚазҰМУ Анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгеруші, м.ғ.д., профессор В. К. Исраилова «Инвазивті емес желдендіру әдісінің қазыргі таңдағы реаниматологиядағы актуальды мәселесімен оны қолдану негізділігі» атты дәрісін ұсынды.