Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) емделушілерге, соның ішінде өзге ел азаматтарына, ақылы түрде жоғары білікті медициналық қызметтер кешенін ұсынады.
Осылайша 19 жасар Ресей азаматы ҚЖШККА-ға белінің қатты ауыратынына шағымданып түсті. Тексеру барысында науқаста бірінші бел омыртқасы деңгейінде интрадуральды экстрамедуллярлы ісік анықталды. Аурухана нейрохирург мамандары В.Крючков және А.Амиров нейрохирургиялық ота барысында ісікті алып тастады. Науқас сауығып, амбулаторлық емдеуге шығарылды.
Арқаның ауыруы жиі кездесетін жәйт. Ауырсынудың көбі қалыпты күйзеліс пен кернеудің немесе жасқа байланысты өзгерістердің нәтижесі болуы мүмкін. Бірақ кейде ауырсынудың себебі омыртқа ісігі – жұлын, оның қабығы немесе омыртқа сүйектерінде дамитын қатерлі немесе қатерсіз ісік болуы мүмкін.
Дәрігерлер ерте диагностика және емдеу арқа ауруының маңызды аспектілері екенін еске салады, егер сізде артық физикалық белсенділікке байланысы жоқ, түнде күшейетін және ауырсынуды басатын арнайы дәрілермен басылмайтын тұрақты арқа ауруы орын алса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Бұлшықеттің үдемелі әлсіздігі немесе аяқтың ұюы, ішек немесе қуық жұмысындағы өзгерістер сияқты белгілер дереу медициналық көмекті қажет етеді.
Барлық сұрақтар бойынша нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ли Константин Юрьевичке хабарласа аласыз: + 7 707 459 40 18.