Функционалды диагностика бөлімшесі

Функционалды диагностика бөлімшесі гинекология, терапия, хирургия және урология негізгі бағыттары бойынша ультрадыбыстық зерттеулер жүргізеді. Ультрадыбыстық зерттеу – кең таралған диагностикалық әдіс.

Бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері, медицина ғылымдарының магистрі

Аденова Гульжан Молдабековна.

Бөлімше мамандары тұрақты түрде елімізде және шетелде біліктілікті арттыру курсты, мастер-кластардан өтіп тұрады. Функционалды диагностика бөлімшесі заманауи жабдықта барлық өзекті диагностикалық зерттеуді жүргізеді.

Бөлімшенің диагностикалық мүмкіндігі асқазан-ішек жолдары, ми, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және несеп-жыныс жүйелерінің зерттеуін қамтиды. Жыл сайын бөлімшеде 44 000-нан астам зерттеу жүргізіледі.

Функционалды диагностика бөлімінде келесі қызметтер көрсетіледі:

  • Қалқанша безінің УДЗ;
  • Өкпеқап қуысының УДЗ;
  • Сүт бездерінің УДЗ;
  • Эхокардиография;
  • Іш қуысы мүшелерінің УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр);
  • Бүйректің УДЗ;
  • Фолликулометрия;
  • Жамбас мүшелерінің УДЗ (трансабдоминалды, трансвагиналды);
  • 12 аптаға дейінгі ұрықтың УДЗ;
  • Ұма мүшелерінің УДЗ;
  • Қуық асты безінің УДЗ;
  • Қалдық зәрді анықтаумен қуықтың УДЗ;
  • Беткей лимфа түйіндерінің УДЗ;
  • Жұмсақ тіндердің УДЗ;
  • Экстракраниалді брахиоцефалды тамырлардың дуплекс сканері (мойын тамырлары);
  • Транскраниалды тамырлардың дуплекс сканері (бас тамырлары);
  • Қол тамырларының дуплекс сканері;
  • Аяқ тамырларының дуплекс сканері.

Біздің клиникада ультрадыбыстық диагностиканы жоғары сапалы заманауи техникада көпжылдық клиникалық тәжірибесі бар білікті дәрігерлер жүргізеді. УДЗ зерттеуінен кейін пациенттер бейінді маманнан кеңес алып, әрі қарай тексерілу және уақытылы ем алу бойынша қажетті ұсыныстар ала алады.