9.06.2017 жылы өзара қарым-қатынасты нығайту және тәжирибе алмасу мақсатымен «Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына» Оңтүстік Кореяның CHUNGBUK провинциясының өкілдері

09.06.2017 жылы өзара қарым-қатынасты нығайту және тәжирибе алмасу мақсатымен «Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына» Оңтүстік Кореяның CHUNGBUK провинциясының өкілдері, дәлірек айтқанда, «HANA General Hospital» ауруханасының директоры профессор Пак Чун Гём, «NATIONAL UNIVERSITY HOSPITAL CHUNGBUK» жұртшылықпен байланыс орталығының директоры профессор  Han Ho Joung  және «Мotean women`s hospital» клиникасының өкілі акушер-гинеколог Kim Manki сынды шетел қонақтары келді.

Жоғарыда аталған клиникалар жан-жақты мамандандырылған, соның ішінде омыртқа жотасының ауруларын, цереброваскулярлық ауруларды және бедеулікті емдеу салаларында әлемге әйгілі клиникалар болып есептеледі.

Қалалық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері мен HANA General Hospital, NATIONAL UNIVERSITY HOSPITAL, Мotean women`s hospital клиникаларының өкілдерінің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.