07.06.2017г. күні Алматы қаласы ЖШККА-да реконструктивті нейрохирургияның титанды табақшалар және краниофиксаторларды қолдану арқылы жасалатын краниопластика бойынша мастер- классг откізілді.

07.06.2017г. күні Алматы қаласы ЖШККА-да реконструктивті нейрохирургияның титанды табақшалар және краниофиксаторларды қолдану арқылы жасалатын краниопластика бойынша мастер- классг откізілді.

 

Мастер-классты Ахметов К. К. (АО «Ұлттық нейрохирургия орталығы» г. Астана) жүргізді. Операция муляжда жүргізілді. Операцияны иммитациялау барысында– табақша-тор көлемі 10,0 см*10,0 см және де 8 өздігімен тесетін бұрандалар – диаметрі 1,6 мм, сонымен қатар краниофиксаторлар диаметрі 12 мм, 16 мм, 20 мм және Миди түзу табакқшалары қолданылды.

Мастер-классқа қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері қатысты. (Рахадилов Е.М., Джанкабаев А.Б., Амиров А.Н.)

Статистика бойынша бас-ми жарақаты кең таралған жарақатттар санына жатады. Барлық жарақаттардың 40 % қамтып, жылына 2 %-ға дейін өсу тенденциясы жастар арасында белең алуда.

Бас сүйекке операция жасалған науқастардың сүйек кемістігі «трепанациядан кейінгі синдром», астеникалық, психологиялы, косметикалық кемшіліктерге әкеліп соғатыны хақ. Бұл жағдай өз тарапында айтылған кемістіктерді толықтыруға негіз болып табылады. Алайда титан табақшалары пайда болмай тұрып, бұрын қолданылған тәсілдер кемшіліктері басымдау болатын.

Кәзіргі таңда Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде краниопластиканың барлық түрі жасалады. Мастер класс кезіндегі қолданылған табақшалар мен құралдар Қазақстан Республикасында медицина практикасында қолдануға рұқсат етілген.