Нейрохирургия бөлімшесі жоспарлы және шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсетеді, сондай-ақ жоғары күрделік деңгейіндегі нейрохирургиялық оталарды орындайды. Соның ішінде орталық жүйке жүйесінің ісіктерін, тамыр ауруларын, сондай-ақ омыртқа патологияларын емдейді. Бөлімше 27 төсек-орынға арналған.
Бөлімше меңгерушісі – бірінші санатты нейрохирург дәрігер Ли Константин Юрьевич.
Бөлімшеде келесі мамандар жұмыс істейді:
- Джанкабаев Ануар Базарбаевич – нейрохирург дәрігер;
- Кадыров Самат Мырзалиевич – нейрохирург дәрігер;
- Аргумбаев Максим Булатович – нейрохирург дәрігер;
- Жалтаев Данияр Айтметович – нейрохирург дәрігер.
Бөлімшеде келесі аурулар емделеді:
- Бас-ми жарақаты;
- Омыртқа мен жұлынның жіті жарақаты;
- Геморрагиялық инсульт;
- Ұйқы артериясы аурулары;
- Үш тармақты жүйке невралгиясы;
- Шеткі жүйке жүйесінің жарақаттары;
- Карпалды түнел синдромы;
- Омыртқааралық жарық (диск жарығы);
- Омыртқа өзегінің стенозы;
- Спондилолистез (омыртқаның ығысуы);
- Омыртқааралық буын артрозы (фасеттік ауырсыну синдромы);
- Омыртқаның компрессиялық сынуы;
- Экстрамедулярлы ісіктер;
- Интрамедулярлы ісіктер;
- Ми ісіктері;
- Киари мальформациясы;
- Гидроцефалия;
- Омыртқа остеохондрозы және оның салдары.
Бөлімше нейрохирургиялық ауруы бар науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсетеді.
Бөлімшеде келесі оталар жүргізіледі:
- Эндоваскулярлық эмболизация;
- Эндоваскулярлық стенттеу;
- Диагностикалық селективті церебралды ангиография;
- Ісікті микрохирургиялық алып тастау;
- Микроваскулярлық декомпрессия;
- Омыртқааралық диск жарығын микроскопиялық және эндоскопиялық алып тастау;
- Вертебропластика;
- Омыртқа өзегінің декомпрессиясы;
- Радиожиілікті абляция, радиожиілікті термокоагуляция, радиожиілікті денервация;
- Декомпрессиялық бассүйек трепанациясы, бассүйекішілік гематоманы алып тастау (эпидуралды гематома, субдуралды гематома, миішілік гематома);
- Бассүйек ақауын сүйек цементімен немесе титан пластинасымен пластикалық жабу;
- Вентрикулоперитонеалды шунттау.
Бөлімшенің заманауи жабдықталуы нейрохирургиялық аурудың кең спектрі бойынша кешенді тексеру мен жоғары деңгейде ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Диагностиканың жүйелі әрі сауатты әдістері, дәрігерлердің кең клиникалық тәжірибесі мен біліктігі науқастарды емдеуде оң нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.