Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттігінің айқын нышаны, ұлт бірлігі мен жаңару жолындағы жарқын белес.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыңызға амандық пен мол береке тілейміз.
Әрбір азаматтың еңбегі еліміздің өркендеуіне, халықтың игілігі мен қуанышты өміріне бағытталсын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы