Наурыздың 14-20 аралығында Дүниежүзілік ми туралы ақпарат апталығы өтеді.

Наурыздың 14-20 аралығында Дүниежүзілік ми туралы ақпарат апталығы өтеді.

Жыл сайын наурыз айының үшінші аптасында бүкіл әлемде ми туралы ақпарат апталығы (Brain Awareness Week) өткізіледі. Апталық қоғамды ынталандыру және ми туралы ғылымға қолдау көрсетуге бағытталған.
Апталықты алғаш рет 1996 жылы Dana Alliance for Brain Initiatives (DABI) және European Dana Alliance for the Brain (EDAB) ұйымдастырды және қазір оны Dana Foundation біріктіреді. Апталық мемлекеттік органдар, ғылыми қызметкерлер, медицина мамандары, құқық қорғау ұйымдары және басқа да мамандарды біріктіру үшін өткізіледі. Оның мақсаты – оларды миды зерттеуге, ми ауруларының алдын алуға және емдеу үшін біріктіру. Мұндай зерттеулер жалпы ми ауруларын түсіну үшін маңызды.
Құрылғаннан бері Апталық 120 елден 7300-ден астам серіктестері бар жаһандық білім беру бастамасына айналды.
XXVII ми туралы ақпарат апталығы науқаны 2022 жылы наурыздың 14-20 аралығында өтеді.

Осы апта ішінде біз де сізге ми туралы және оны емдейтін дәрігерлер туралы ең қызықты мәлімет беруге тырысамыз.

Нейрохирургиядан бастайық.

Нейрохирургтарды жоғары санатты зергерлер деп атауға болады.

«Бізде стандартты ота деген болмайды, – деп атап өтті Константин Юрьевич, ҚШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. – Адамның бас сүйегі микрокосмосқа ұқсайды – онда көптеген өмірлік құрылымдар өте тығыз байланысты. Небәрі 1 миллиметрлік қате үлкен қиындықтарға әкелуі мүмкін: қозғалу, сөйлеу немесе жүйке жүйесінің басқа функцияларына кері әсерін тигізуі мүмкін».

Ота кезінде нейрохирургке үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан әрбір нейрохирург ота барысында өте қырағы болуы керек.

«Әдетте біздің нейрохирургия бөлімшесінде күніне 3-4 ота жасалады. Бұл жылына шамамен 600 ота болса, оның жартысы миға жасалады», – деп атап өтті Константин Юрьевич Ли.

Адамның миы – күрделі мүше. Ол көптеген әр түрлі бөліктерден тұрады, олардың әрқайсы белгілі бір функцияға немесе функциялар жиынтығына жауап береді. Ол тыныс алу және жүрек соғу жиілігі сияқты негізгі дене функцияларынан бастап, шешім қабылдау, есте сақтау және тіл сияқты күрделі нәрселерге дейін барлық нәрсені басқарады. Ми гормондар деп аталатын химиялық хабаршылар арқылы денеміздің басқа мүшелерімен байланысуға да жауапты.