Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Transcranial Pulse Stimulation (TPS) технологиясына негізделген NEUROLITH жүйесі қолданысқа енгізілді. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы осындай алғашқы жүйе.
TPS – ми тініне қысқа акустикалық импульс арқылы әсер ететін инвазивті емес технология. Емдеу барысында хирургиялық араласу жасалмайды, ал арнайы навигациялық жүйе әсер ету аймағын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.
Қазір бұл технология Альцгеймер ауруы мен өзге де нейродегенеративті дерт кезінде бірқатар шетелдік клиникалардың тәжірибесінде қолданылып келеді.
Сұрақтар бойынша:
+7 708 181 15 28
