Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз

Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз

Тузелбекова Райхан Тузелбековна

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы күндізгі стационар және амбулаториялық гемодиализ бас медбикесі
Еңбек өтілі – 28 жыл

– Медицинаны таңдаған көптеген адамдар сияқты мен де бала кезімнен ақ халатты киюді армандадым, адамдарға көмектескім келді. Сондықтан 9-сыныптан бастап ауылдағы ауруханада тәжірибе жинай бастадым, – дейді Райхан Тузелбековна. – Еңбек жолымды 1992 жылы Талас орталық облыстық ауруханасы хирургия бөлімшесінде медбике ретінде бастадым. Содан кейін №7 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жұмыс істедім.
– Ал 2015 жылы мейірбикелік және паллиативті көмек ауруханасының терапия бөлімшесінде бас медбике болып жұмыс істей бастадым. Сонымен қатар, онда кәсіподақ төрағасы қызметін де атқардым. 2016 жылы Литвада мейірбикелік күтім бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтадым.
– Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2020 жылдан бері жұмыс істеймін. Менің қадағалауымда күндізгі стационар және амбулаториялық гемодиализ бөлімшесінде 4 орта медициналық және 2 кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді. Біздің ұжым өте ұйымшыл.
– Әдетте біздің бөлімшенің жұмысы стационарды алмастырушы көмекке бағытталған. Біз ауруханада көрсетілетін барлық медициналық қызметті ұсынамыз. Күндізгі стационар – дәрігердің тәулік бойы бақылауын қажет етпейтін, бірақ белгіленген процедураларды үйде жүргізу мүмкін болмаған науқастарға арналған. Пациенттер күндіз келеді, қажетті процедураларды алады, демалады, үйге оралады немесе жұмысын жалғастырады. Күндізгі стационарда емдеу күнделікті режимді сақтай отырып, белсенді өмір салтын жүргізуге мүмкіндік береді. Мен бас медбике ретінде күндізгі стационарда емделушілерге барлық тағайындалған емдеу процедураларын уақытында орындалуын қадағалаймын.

– Сөз соңында өткен жылдан бері коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда күресіп келеміз. Адамның денсаулығы ең алдымен оның өзіне байланысты екенін еске салғым келеді. Гигиеналық ережелерді сақтаудың маңызды екенін ұмытпаңыз: қолыңызды жуыңыз, бетперде тағыңыз, арақашықтықты сақтаңыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз! Сақтанып жүріңіз! Деніңіз сау болсын!