Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі

Құрметті сайтқа келушілер!

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсқызметінің парақшасына қош келдіңіздер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты -ҚЖШККА және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуын бақылау.

Егер Сіз Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, соның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және этикалық нормалардың бұзылуына тап болсаңыз, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсқызметіне келесі телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызға болады: +7 707 476 3000

Өтінішті:

  1. Жазбаша түрде Қазыбек би көшесі, 96 мекенжайы бойынша қалдыруға болады
  2. пошта compliance@gbsnp.kz

    Фамилия Имя Отчество*

    Почтовый адрес*

    ИИН*

    Телефон*

    Ваш e-mail*

    Я осведомлен об уголовной ответственности
    согласно статье 419 УКРК "Заведомо ложный донос"

    Текст сообщения

    Please prove you are human by selecting the tree.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес келесі жағдайлар қарастырылмайды:

    1) өтiнiште жоспарланған немесе іске асқан қылмыс, мемлекеттiк не қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiру туралы мәлiмет қамтылған және құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдарға дереу жiберiлуге жататын жағдайды қоспағанда, жасырын өтiнiш;

    2) мәселенің мәні көрсетілмеген өтініш.

    Шағым өтініште көтерілген мәселені шешу құзыретіне ие субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолдануы тиіс.

    Жеке тұлғаның өтінішінде оның аты-жөні, пошталық мекенжайы көрсетілуі керек. Заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні болуы керек. Өтінімді өтініш беруші қол қою немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс.

    Шағым беру кезінде субъектінің немесе лауазымның атауы, іс-әрекетіне шағым жасалатын лауазымды адамның аты-жөні, шағымдану себебі мен талабы көрсетілуі тиіс.

     

    Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар

    Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары»