Қызметтер

Қызметтер

АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР

Консультативтік-диагностикалық бөлімше (КДБ)

КДБ тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық тұрғындарға медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.

КДБ-да емделушілер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. КДБ шарттық негізде медициналық көмектің барлық түрін ұсынады.

Қабылдауды жоғары санатты мамандар:
– Проктолог-хирург;
– Гастроэнтеролог;
– Эндокринолог;
– Кардиолог;
– Стоматолог;
– Гинеколог;
– Уролог;
– Невропатолог;
– Терапевт;
– Лор;
– Нейрохирург;
– Травматолог;
– Тамырлы хирург;
– Көз дәрігері жүргізеді.

Сондай-ақ, КДБ-да консультациялық жұмысты аурухананың стационарлық бөлімшелерінің меңгерушілері де жүргізеді, олар науқасты көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеуге жібереді.

Бөлімшеде келесі диагностикалық тексерулер ұсынылады:
– УДЗ;
– ЭКГ;
– ЭЭГ;
– Сигмоидоскопия, минималды инвазивті операциялардың барлық түрі;
– Кольпоскопия;
– Эндоскопиялық зерттеулер;
– Зертханалық зерттеулер.

Күндізгі стационар емделушілері үшін ұзақтығы 1-2 сағатқа дейінгі ыңғайлы емдік процедуралар ұсынылады.

КДБ күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сенбі, жексенбі күндері күндізгі стационар сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін істейді.

Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 96. ҚЖШККА 2-қабат.

Тел.: 8(727)2923241, 87081811528.