Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөлімшесіндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акт кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті.

Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.

Источник