/ Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР РЕЕСТРІНЕ» СӘЙКЕС АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

БАСҚАРМАСЫ КӨРСЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

р/р/

 

Мемлекеттік
көрсетілетін
қызметтің
коды

Мемлекеттік
көрсетілетін
қызметтің
атауы

СКөрсетілетін
қызметті
алушы
(жеке
және
(немесе)
заңды
тұлға)
туралы
мәліметтер

Мемлекеттік
көрсетілетін
қызмет
стандартын
әзірлейтін
орталық
мемлекеттік
органның
атауы

Көрсетілетін
қызметті
берушінің
атауы
Өтініштер
қабылдауды
және
мемлекеттік
қызмет
көрсету
нәтижелерін
беруді
жүзеге
асыратын
ұйымдардың
атауы
және
(немесе)
«электрондық
үкіметтің»
веб-порталына
көрсету
Ақылы/
тегін
Мемлекеттік
қызметті
көрсету
нысаны
(электронды
/қағаз
түрінде)
 1  2  3  4  5  6  7  8 9
 117-4 00601008 Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру Жеке тұлғалар ДСМ Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар Тегін Қағаз түрінде

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Стандарт ҚР ДСжӘДМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілді

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ РЕГЛАМЕНТТЕРІ

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

Алматы қ. әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 18 қарашадағы №4/637 қаулысымен

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІ. КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІН АЛА АЛАДЫ?

Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Республикалық бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:

1) мамандырылған медициналық көмек көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша балалар мен ересектерге реабилитациялық көмек көрсету: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық, сондай-ақ денсаулыққа зиян әрі қауіпті өндірістік факторларға, туберкулез бен алапеске байланысты аурулар;

2) АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету;

3) төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету;

4) сот-медицина сараптамасы.

2. Республикалық бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:

1) мамандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметкерлер көрсететін алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек. Тегін медициналық көмек алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерінің жолдамасы бойынша көрсетіледі. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдер мен тісі ауырсынып келген науқастарға да стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі, бұған ортодонттық қызмет жатпайды. 18 жасқа толмаған балаларға физиотерапевтикалық қызмет тегін көрсетіледі;

2) жедел жәрдем қызметтері;

3) жергілікті деңгейде балалар мен ересектерге стационарлық медициналық көмек көрсету, оның ішінде оңалту қызметі:

  • жедел жәрдем;
  • алғашқы медициналық-санитарлық қызмет маманының жолдамасы негізінде аурулардың барлық түрлері бойынша жоспарлы қызмет көрсету, оның ішінде:  онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық,офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтикалық, травматологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулар, алкоголизм және наркомания, туберкулез, қант диабеті, бронх және өкпе аурулары;

4) АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету;

5) төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету;

2011 жылы ККТМК тізіміне қымбат медициналық зерттеу түрлері енгізілді.  Атап айтқанда, туа біткен жақ-бет патологиялары бар балаларға ортодонттық көмек көрмету, экстракорпоралды ұрықтандыру, балаларда «Б» және «С» вирустық гепатиттерін нақтылауға бағытталған скринингтік зерттеулер, сондай-ақ осы ауруларға шалдығу қаупі жоғары азаматтар да ККТМК алуға құқылы.

Файл проекта тут.