Тәуелсіздік күні – кез келген елдің басты мерекесі.

Тәуелсіздік күні – кез келген елдің басты мерекесі. Қазақстан ресми түрде тәуелсіздікке 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттің тәуелсіздік пен егемендік туралы» заң қабылдағаннан кейін ие болды.
Содан бері бұл күн, басқа мемлекеттік мерекелер сияқты, елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, оның ішінде мәдени-этникалық жетістіктерін бейнелейтін жарқын оқиғалармен атап өтіледі. Бұл тәуелсіз елдің тарихында болған барлық жақсылық-жетістіктерді атап көрсетуге мүмкіндік беретін мереке.
Биыл Мәдениет және спорт министрлігі Тәуелсіздік күніне орай 60-тан астам республикалық іс-шараларды онлайн және оффлайн режимінде дайындады.
Мереке қарсаңында Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Zoom-да салтанатты жиын өтті.
Біз барлық қазақстандықтарды осындай маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз және баршамызға тұрақтылық, бейбітшілік пен денсаулық тілейміз!