Амиров Ғани Қондыбайұлы

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Амиров Ғани Қондыбайұлы
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы урология бөлімшесінің меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Еібек өтілі – 25 жыл
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, 2018
«Алтын дәрігер» төсбелгісі, 2019
Еңбек жолын 1996 жылы Іле ауданының орталық аудандық ауруханасында хирург болып бастаған. Кейін Боралдай Орталық аймақтық ауруханасында хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
2012 жылдан бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жұмыс істейді.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы урология бөлімшесінде урологиялық және андрологиялық патологияның кең спектрі бар науқастарды клиникалық тексеру және емдеу жүргізіледі, ашық және эндоскопиялық араласудың барлық түрлері, пластикалық және реконструктивті оталар жасалады. Бөлімшеде жылына 500 отаға дейін жүзеге асырылады.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ урология кафедрасы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы базасында орналасқан. Кафедра қызметкерлері ауыр науқастарды бақылайды, апта сайын науқастарды қарайды.
– Урология – адам өмірінің сапасына тікелей әсер ететін медицинаның бөлімі, – дейді Ғани Қондыбайұлы, – Хирургия мен функционалдылықтың үйлесімі. Уролог маман, ең алдымен, мәселенің тым сырластығына байланысты психолог та бола білу керек. Дәрігер – ең бірінші, тыңдай білетін маман. Науқасқа дұрыс сұрақтарды қою және сөйлесу барысын дұрыс бағытта басқару керек. Сонда науқас өзінің қарапайым әңгімеден өз проблемасына қалай біртіндеп ауысатынын байқамай қалады. Науқас дәрігерге қойған сұрағына білікті жауап ала алу керек.