Тойбаева Гүлмира Мұратқызы

Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Тойбаева Гүлмира Мұратқызы
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы токсикология бөлімшесінің меңгерушісі
Еңбек өтілі – 26 жыл
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының токсикология бөлімшесі қаладағы жалғыз бөлімше. Мұндай бөлімше республиканың бес қаласында ғана бар, ал ең үлкені – Алматыда. Мұнда тәулік бойы жедел, мамандандырылған, токсикологиялық көмек көрсетіледі.
Бөлімшеде 20 төсек-орны бар.
Гүлмира Мұратқызы еңбек жолын Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында дәрігер-токсиколог ретінде бастады.
Ол еңбек кітапшасында Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы деген бір ғана жазбасы бар сирек кездесетін маман. Басында мұнда токсикология бөлімшесінде баға жетпес тәжірибе жинау үшін келіп әлі күнге дейін осында қызмет етеді.
2011 жылдан Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы токсикология бөлімшесінің меңгерушісі
2000 жылдан ҚазМҮББУ «Жедел жәрдем» кафедрасы токсикология курсының меңгерушісі
Орталық Азия аймағындағы жағдайды бақылау және алдын алу орталығының Химиялық қауіпсіздік жағдайында санитарлық ережелерді енгізу бойынша халықаралық дәрігерлер жұмыс тобының мүшесі
Гүлмира Мұратқызы медициналық журналдарда шыққан 12 ғылыми мақаланың авторы.
Ол «Токсикологиядағы қарқынды терапия. Экстракорпоральды детоксикация әдістері», кітабының бірлескен авторы (2018)
2018ж Оманда өткен «Menatox» жыл сайынғы халықаралық токсикологтар конференциясының қатысушысы
2000 жылы оның ғылыми мақаласы «CLINICAL TOXICOLOGY» журналында жарияланды. Сол жылы бұл мақала Барселонада өткен ХХL EAPCCT халықаралық конгресінде стендтік баяндама ретінде қабылданды.
– Токсикология тек алкоголь мен есірткіден улану деген стереотип қалыптасты. Бірақ біз химия арасында өмір сүреміз, техногендік апаттардан сақтандырылған жоқпыз, – дейді Гүлмира Тойбаева, – Токсикология дегеніміз – химияның бәрі, фармацевтика. Тіпті бізге үйреншікті болған пластик, линолеум да зиянды заттарды шығаруы әбден мүмкін.
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы токсикология бөлімшесінде күн сайын 10-нан 20-ға дейін науқас қабылданады.
– Токсиколог мамандар жоқсың қасы. Мен мұны кәсіпқой мамандар істейтін өз бөлімшемнен білемін. Бізге түсетін науқастар саны бойынша біз травматологтармен бір деңгейде тұрамыз. Емделушілер көбінесе көмірқышқыл газымен, есірткімен, алкогольмен, тұрмыстық химиямен уланады, – деп атап өтті Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы токсикология бөлімшесінің меңгерушісі.