Қабылдау бөлімшесіндегі қаһарман әке!

Алматы қаласының Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындағы қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Ермек Желдібайұлында төртінші ұлы дүниеге келді. Қуанышты хабар өмірінің жартысын өткізетін сүйікті жұмыс орнында отырған жеріне келіп жетті. Дегенмен, сүйікті жұмысы оның жанұялық өміріне еш кедергісін келтірмейді.

– Менің отбасым – бұл менің үлкен қолдаушыларым,- дейді хирург, – Стресске қарсы ең жақсы зат – отбасыңмен табиғатқа серуендеп шығу және аптасына екі рет спортзалға бару.

– Атқаратын қызметіңіз шынымен де оңай емес, жайбір рахат күндер болмайтын да шығар. Бір ай бұрын Сіз авиаапаттан зардап шеккендерді құтқардыңыз. Сол күндер қаншалықты қиын болғанын айтсаңыз?

– Бұл барлық ұжымның команда болып қауышуымен жөнге салынған жұмыс болды! Қабылдау бөлімшесінің қызметіне барлығы кірістірілген ғой – кафедра мамандары, аға әріптестер, әкімшілік те. Және де орта, кіші медицина қызметкерлері көмекке келді. Сол күні ұщақтың құлағаны туралы алғаг ақпаратты алған сәтте, зардап шеккендерді қабылдауға шұғыл түрде дайындалдық. Біздің барлық ұжымымыз қабылдау бөлімшесінде пациенттерді күтіп тұрды. Бізге 14 адам келіп түсті. Бақытына орай, оларда орта деңгейлі зақымдар болды, барлығына медициналық көмек көрсетіліп, 12 зардап шеккен адам ауруханаға түсті. Сонымен қатар, қаламыздағы медициналық мекемелердің психологтарымен, колледждің еріктілерімен көрсетілген белсенді көмектерін атап кеткен жөн. Бүгінгі күні осы рейстің пациенттерінің барлығының денсаулығы жақсарып, ауруханадан шықты.

– Ауруханада осындай көп зардап шеккендерді қабылдау бойынша тәжірибе болып па еді?

– Ия, бізде тәжірибе болған. Біздің ауруханаға Алматы қаласында орын алған теракттан кейін көп зардап шеккендерді жеткізген болатын. Ол кезде он зардап шеккен адам саны болды және барлығы өте ауыр халде болатын. Біз салауатты түрде жұмысымызды атқардық. Бұған дейін жарылыс болған колледжден 17 оқушы келіп түскен. Күрделі жол- көлік оқиғасынан соң да көп зардап шеккендер келіп түскен. Өкінішке орай, аурухана ұжымынның іс-тәжірибесінде төтенше жағдай да бар. Бірақ, біз бір орында тұрмаймыз. Басқа да ірі стационарлармен қоса ТРИАЖ жүйесін енгіздік – науқастар кірген кезден бастап іріктеу басталады. Ең алдымен, шұғыл науқастарға көмек көрсетіледі.

– Жаңа Жылдан бастап Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі жүргізіле бастады. Осыған байланысты бөлімшеңіздегі жұмыстар өзгерді ме?

– Жаңа Жылдан бері бізге келушілер өте көп. Әдетте, күніне 200 пациент келсе, қазір олардың саны 230-250-ге дейін өсті. Біз ешкімге теріс қарамаймыз, барлығына көмегімізді аямаймыз. Сақтандыру жүйесіне келсек, енді – тегін медициналық көмектің кепілді көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және өз еркімен әлеуметтік жарна енгізу. Қызметкерлердің барлығы реформаға, жаңа қағидаларға әзір. Бізге көрсетілетін қызметтердің кепілді мерзімі таныс. Яғни, шұғыл түсетін барлық науқастарға тегін көмек көрсетіледі. Бұл жерде аса маңызды фактты айта кеткім келеді: сақтандыруға қатысушыларға, тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне қоса – кеңес беру, мамандандырылған тексеріс, қымбат тұратын диагностика секілді қызметтер қаралған. Тағы бір маңызды нәрсе: бізге келген пациенттерді бұрынғыдай емханаға емделуге жібере алмаймыз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің артықшылығы көп. Себебі, ең алдымен ол қосымша қызметтерді жетімді қылады.

– Өзін өзі жұмыспен қамтитындардың МӘМС жүйесі бойынша қоятын сауалдары жетерліктей, оларға қандай көмек көрсетілмек?

– Фрилансерлер, жеке кәсіпкерлер не өздері, не болмаса тапсырыс берушілері жарна төлеуі тиіс. Бұл – табыстың 2-3%-на дейінгі мөлшері. Бұл сатыдағы адамдар ай сайын терминал немесе арнайы қосымша арқылы жарна төлеулері керек. Бұл қиын да емес, олар да қажетті медициналық көмек алудан еш қысым көрмейді. Қала тұрғындары айтарым: «Денсаулығың үшін алаң болма. Біз Сіздердің сенімді серіктестеріміз».

Осылайша, қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі жымиып күліп, пациенттеріне асықты.