/ / Аурухана дәрілергері науқастарды қалай аман алып қалуда?

Аурухана дәрілергері науқастарды қалай аман алып қалуда?

07.09.2020

Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100% зақымданған науқасты құтқарды
Карантин кезінде қызмет еткен клиникалардың пациенттері есін жиып, өмірін сақтап қалған дәрігерлерге ризашылықтарын білдіре бастады. Осы уақыт ішінде Алматы қаласы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері ауыр жағдайда ондаған күрделі ота жасады, соның ішінде өкпесі 100% зақымданған науқастарды қалпына келтіру де бар.
Профессор Несіпхан Бектеновтың өкпесінің 96%-ы зақымданған болатын.
– Әкем ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті, – деп жазды қызы Сабина клиниканың сайтына. – Оның өміріне қауіп төнді, бірақ аурухана дәрігерлерінің кәсіби шеберлігі, адал жұмысы және біліктілігі арқасында әкем аман қалды. Ол бір айға жуық ауруханада жатты, оның 17 күні жансақтау бөлімінде өтті. Мен әкемді бізге қайтарған барлық дәрігерлерге, медбикелерге, кезекшілерге шын жүректен АЛҒЫС айтамын.
– Бұл науқас өте ауыр жағдайда түскенін ескеріп, біздің мамандар оған әлі де кеңес беріп қояды, – дейді жансақтау бөлімінің бастығы Тимур Райымжанов. – Біз оны барлық медициналық персоналдың үйлесімді жұмысының арқасында аман алып қалдық, бұл біздің аурухананың қалыптасқан дәстүрі ғой. Емдеу науқастың жағдайына байланысты үнемі түзетіліп отырды. Біз пациенттерді тәулік бойы бақылап отырамыз, карантиннің ерекше жағдайларына қарамастан, дәрігерлер бірін-бірі алмастырады, медбикелер үнемі бақылау жүргізеді, санитаркалар да көмектеседі, қарқынды терапия кезінде массаж жасау, науқасты аударып отыру, оны жалғыз қалдырмау өте маңызды.
– Әрине, көп нәрсе медициналық персоналдың жұмысына байланысты, бірақ пациенттердің өздеріне деген көзқарасы да маңызды, – дейді хирургия бөлімінің бастығы Бахтияр Бекешев. – Бұл науқас өте қиын болған күннің өзінде де барынша позитивті көңіл-күйде болды. Біз адамдарды психологиялық тұрғыдан қолдауға тырысамыз, бірақ науқастың бәрі қалпына келу үшін барын салмайды. Несіпхан Бектенов өмір сүргісі келді, ол өзін тастамады, сондықтан аман қалды!
Қазір профессор өз үйінде, оның аман қалатынына тіпті үміттенбеген жақындарының қасында, қалпына келіп жатыр. Толық сауығып кеткеннен кейін оны ол ұзақ жылдар бойы дәріс берген Абай атындағы ҚазҰТУ-дағы әріптестері мен студенттері күтеді.
Ал Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бұрынғы жұмыс режиміне оралып, қазір көпсалалы қалалық емхана ретінде жұмыс істейді.