/ / Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Қоғамдық сенім кеңесінің денсаулық сақтауға қатысты отырысы өтті.

Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Қоғамдық сенім кеңесінің денсаулық сақтауға қатысты отырысы өтті.

10.10.2020

Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Қоғамдық сенім кеңесінің денсаулық сақтауға қатысты отырысы өтті. Аталған кездесу мен комитеттің құрылуы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг пен тұрғындармен кері байланыс механизмі (АҚМКБМ)» жобасы аясында өтті.
Бұл жоба медицина саласындағы оң өзгерістерді жүзеге асырады, халықтың денсаулық және денсаулық сақтау қызметтері мәселелеріне белсенді қатысу мәдениетін қалыптастырады, пациенттерге сапалы, кешенді көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында аурухана комитетіне тек дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар әкімдік қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен журналистер кіреді. Алғашқы кездесу барысында кездесуден бір күн бұрын бөлімшелерде АҚМКБМ жобасы авторлары жүргізген сауалнама нәтижелері талқыланды. Пациенттер көбіне аурухана қызметкерлерін мақтайтыны қуантты, дегенмен олар қызметті одан әрі жақсартуға қатысты, мысалы, психологиялық көмек кеңсесін ашу туралы өте дұрыс кеңестер берді. Айтпақшы, қазіргі кезде ауруханада психолог бар, ол да комитетке кірді.